Аяқастынан байып кеткен келіншек әлі күнге дейін қомақты қаржыға ие болғанынан сенбейді.Ол туған күні кенеттен байып кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бақыттан басы айналған келіншек қазірге таңда 4 миллионға жуық ақшаға оң-оңай қол жеткізіп отыр.
Америкалық әйел Валлери Ахарт 56 жаста толған туған күнінде 10 долларға лотерея билетін сатып алған. Сол кезде билеттегі қорғаныш қабатын көшіріп, 10 мың доллар жеңіп алғанын білген. Бұл шамамен 3 миллион 800 мың теңге.
Жеңімпаз әйел алдағы уақытта ұтыстан алған ақшасын пәтер алу үшін жаңа үйге алдын ала төлем жасауды жоспарлап қойған. Кездейсоқ жағдайда ақшалы болып шыға келген жеңімпаз Арканза штатына қарасты Мальверн қаласының тұрғыны.