17.01.2020, 16:00

Шошқаның кесірінен қазақстандық мерт болды

Фото: hightech.fm
Алған ауыр соққыдан көлік жолдың қарсы бетіне ұшып кетіп, КамАЗ-бен соқтығысқан.

Жол апаты 16 қаңтарда сағат 17.50 уақытында Волгоград өңіріндегі Светлоярск ауданы маңында тіркелді, деп хабарлайды "Блокнот Волгоград".

30 жастағы Қазақстан азаматы Волгоград-Элиста тас жолымен Hyundai Sonata көлігімен қалаға қарай бет алып бара жатқан. Жолдың 67-шақырымында жолға аяқ-астынан атып шыққан доңызды көлік қаққан.

Алған ауыр соққыдан көлік жолдың қарсы бетіне ұшып кетіп, КамАЗ-бен соқтығысқан.

Апат салдарынан шетелдік көліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі көлік жүргізушісінің өлімін тіркеген.