$ 494.87  520.65  4.91

Театрға әйелімен бірге барған президентке шерушілер шабуылдамақ болды

Олар зейнетақы реформасына қарсы наразылық білдіріп келеді.
Фото: скриншот
Фото: скриншот

Франция президенті Эммануэль Макрон Париждегі «Буф-дю-Нор» театрына әйелі Брижит Макронмен бірге барып, қойылымды көріп отырғанда шерушілер ғимаратқа басып кіріп, президентке шабуыл жасауға әрекеттенді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, РИА Новости-ға сілтеме жасап.

Абырой болғанда, мемлекет басшысының күзетшілері мен тәртіп сақшылары тез арада міндеттеріне кірісіп, президентті шерушілердің соққысынан құтқарып қалды. Негізінен Францияда шерушілердің мұндай әрекеттері былтырдан бері жалғасуда. Олар зейнетақы реформасына қарсы наразылық білдіріп келеді.

2019 жылдың желтоқсанында қоғамдық көлік жүргізушілері мен медицина мамандары, педагогтар, полицейлер мен сот өкілдері, авиадичпетчерлер секілді көптеген мамандық иелері ереуілге шыққан болатын. Ереуіл салдарынан көптеген мектептерде оқу тоқтатылып, көлік қатынасы бұзылды.

Францияда зейнетақы бағдарламасының он шақты түрі бар. Ал Макрон болса, әлгі зейнетақы бағдарламаларының мемлекетке үлкен шығын келтіретінін айтқан. Сондықтан президент ондаған зейнетақы реформасының орнына жалпыға ортақ бірыңғай реформа ұсынып отыр. Оның жоспары бойынша әр жұмыс істеген күнге арнайы балл жүйесі енгізіледі. Мұнан бөлек, зейнетақының мөлшері жинақталған ұпайлар негізінде есептеледі.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары