Қылмыс әлемінде нәзік жандылардан қарағанда ер адамдардың саны басымырақ екені белгілі. Әйтсе де, жантүршігерлік қатыгездікпен жасаған іс-әрекеттерімен танылған қыз-келіншектер де ааз емес. Олардың ішінде, қылмыстық топтарды басқарған, есірткі саудасымен айналысқан әйелдер де бар. Сонымен төменде қылмыс әлемінде жауыздығымен әлемді таңқалдырған нәзікжандылардың жайлы деректер ұсынып отырмыз!
1. Элизабет Веттлауфер (Канада)
Канадалық мейірбике 2017 жылы Элизабет Веттлауферге сериялық кісі өлтіруші болғандығы үшін өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарылды. Оның қолынан 8 адам қаза тапқан. 2007-2016 жылдары аралығында Веттлауфер қарттарға арналған үш емханада мейірбике болып жұмыс істеген. Бірақ, медицина қызметкерінің есірткіге тәуелді екендігін айналасындағылар бейхабар еді. Алғашында ол инсулиннің көп мөлшерімен өзінің екі емделушісін өлтірмек болған. Абырой болғанда жымысқы әрекеті орындалмай қалады. Кейінгі құрбандығына да сол әдісті қолданып, бұл жолы ойындағысын жүзеге асырады. Қайтыс болған 84 жастағы ер адам болатын. Кейінгі әрекеттерінің бірі сәтті шығып жатса, енді бірі сәтсіз болып, бірнеше адамды ажал құштырды. Ақырында қылмысын мойындайды. Бірақ, сот ісінде өзінің бұл қылмыстарды не үшін жасағаны жөнінде ештеңе айтпаған. Кейбір адамдар оның қылмысқа баруына қатысты «қарт адамдардың ауруын жеңілдету мақсатында жасаған болуы мүмкін» деген ой айтса, кейбірі есірткінің кесірінен деген болжам айтады. Неде болса, енді ол Канаданың ешбір қарт тұрғынына зиянын тигізе алмайды.
2. Джоанна Деннехи (Ұлыбритания)
2013 жылдың сәуір айында британдық әйел Джоанной Деннехиге өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы сот шешімі шықты. Бұл әйелдің қолынан үш адам өлген. Алдымен, пышақ қолдану арқылы өз жұбайын өлтірсе, екінші рет жұмыс беруші қожайынын тамағынан бауыздап өлтірген. Ал үшінші құрбаны – көршісі. Кісі өлтіруші әйел сотта «Криминальный чтива» киносындағы әртіс Ума Турманның образы арқылы кісі өлтіруге шабыт алғанын айтқан.
3. Инесса Тарвердиева (Ресей)
Қылмыс тобының басшысы болған ресейлік әйел «Амазонка бандасы» атанып кеткен. Инесса қылмыс әлеміндегі жолын 2003 жылы бастап, 2017 жылы 21 жылға түрмеге қамалды. Ол топ құрып, үлкен жолға шығып, еш қорықпастан көліктерге оқ атып, құрбандарынан барлық бағалы заттарды тартып алған соң, мәйітттердің көзін жойып отырған. Оның қолынан сәбилер де қаза болған. Инесса полиция қызметкерлеріне ызақорлықпен өзінің көп адам өлтіре алмағандығына өкінгендігін жеткізген.
4. Мелисса Калдерон Охеда (Мексика)
Ла Чина бүркеншік есімімен танылған қылмыстық топ басшысы Меликса атты әйелді сотқа жігіті ұстап берген. Ла Чина 2005 жылы Мексиканың қылмыс әлеміне бет бұрады. Ол есірткі саудалаушылармен серіктес болып, 2008 жылы бұзақылар тобын басқарады. 7 жыл есірткі саудасын жандандырған уақытта Дамасо аумағында қылмыс үш есеге көбейді.
Мелисса кісіні аяу дегенді білмейтін, кісі өлтіруде "өзіндік стилі бар" әйел. Жігіті Педро Гомес түрмеден шыққан атақты банды болатын. Екеуі бірлесіп көптеген қылмыстар жасаған. Алайда, Ла Чина қылмыс жасауда қатыгездігімен тым шектен шығып кетеді. Ақыры, 2015 жылы жігіті Гоместің өзі Ла Чинаны полицияға ұстап береді. Сотта оның қолынан 150 кісі өлгені және есірткі саудасы жасалынғаны анықталды. Мексика тұрғындарын тентіреткен қанішер әйел өмір бойы бас бостандығынан айырылған.
P.S. Бір қуанарлық жағдай, жоғарыда аттары мәлім болған төрт жауыз әйелдің қатарында қазақ әйелі жоқ.
Дайындаған: Наурызбек САРША
Фото: Qamshy.kz сайтынан алынды.