$ 498.34  519.72  4.85

65 жастан асқан шенеуніктер қызметінен босатылып, кәсіби мамандар келді

Президенттің мұндай қадамға баруына елде сыбайлас жемқорлықпен күрес, экономика секілді салаларда реформалардың тиісті деңгейде орындалмағаны себеп болған.
Фото: 24.kg
Фото: 24.kg

Әзірбайжанда 9 ақпанда парламенттік (Милли межлис) сайлау өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 Әзірбайжанда өтетін бұл жолғы сайлау ерекше маңызға ие. Себебі, Президент Ильхам Алиев  өткен жылдың соңында батыл реформалар жасап, «Милли межлис»-ті таратып жіберген болатын. Олардың ішінде, жасы 65-тен асқан шенеуніктер қызметінен босатылды. Президенттің мұндай қадамға баруына елде  
сыбайлас жемқорлықпен күрес, экономика секілді салаларда реформалардың тиісті деңгейде орындалмағаны себеп болған. Орны босаған шенеуніктердің орнына шет елдерде біліктілігін арттырып келген кәсіби мамандарды қойды.

 Оған қоса, ауыл шаруашылығы мен сыртқы саудада жасаған реформалары жақсы көрсеткішке жетіп, Әзірбайжан халықаралық рейтингтік көрсеткіште бірнеше сатыға жоғарылады. Сол арқылы Ильхам Алиев беделін көтеріп алды.

9 ақпанда өтетін парламенттік сайлаудың нәтижесінде, Әзірбайжанда жаңа парламент құрылып, жаңарған талаптарға жауап бере алатын, сыбайлас жемқорлыққа жол бермейтін парламент қалыптасуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары