Бразилиялық джиу-джитсудан Moscow Winter BJJ Cup жарысы жаппай төбелеспен аяқталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, РЕН ТВ-ға сілтеме жасап.
Жарыс 18 қаңтарда Мәскеу маңындағы Красногорскіде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, екі тараптың өкілдері жанжалдасып, артынша төбелес шығарған. Алайда, нақты себебі әзірге белгісіз.
Видеода біреулері төбелесіп, екіншілері ажыратып жатыр. Төбелес кезінде біреулерді партерге лақтырып, бастан тепкендері де болды.
«Кросногорск полиция қызметкерлері желіде жарияланған видеоға қатысты тергеу шараларын бастады», - деді Мәскеу облыстық Полиция басқармасының өкілдері.