21.01.2020, 14:20

59 жастағы еркек автобуста 10 жастағы қызды зорлаған

Фото: 24tv.ua/ru
Қылмыстық іс әлі біткен жоқ, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Ресейдің Сочи қаласының тұрғынына "автобуста қыз зорлады" деген кінә тағылды. Бұл туралы ақпарат  Краснодар өңірі бойынша РФ Тергеу комитетіне қарасты тергеу басқармасының сайтында  жарияланды деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Адам айтса нанғысыз оқиға 2020 жылы 7 қаңтарда болған. Бұл жаңажылдық демалыс күні болатын. Сочида тұратын 59 жастағы азамат қоғамдық көлікте 10 жастағы қызға тиісіп, зорлаған. Қазір кәмелетке жасына жетпеген қызды зорлау ісіне байланысты қылмыстық іс қозғалған.

"Тергеу бөлімі 59 жастағы ер адамға кәмелетке толмаған балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсетті деген айып тақты", - делінген ресми хабарламада.

Сот шешімімен күдіктіге қатысты қамауға алу, бұлтартпау шарасы таңдалған. Қылмыстық іс нәтижесі әлі біткен жоқ, тергеу жұмыстары жүргізілуде.