Тайландтық бай адамның үйінің жанындағы тоғаннан жүздеген адамның сүйегі табылды. Бұл туралы Bangkok Post басылымы жазған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Қаңтардың басында 40 жастағы Апичая Онгвизитті полиция тұтқындады. Ол 2019 жылы жазда жоғалып кеткен 22 жастағы көңілдесін өлтірді деген күдікке ілінді. Оны тінту кезінде Бангкоктағы үйінің жанынан адам денесінің қалдықтары бар қабір табылған. Табылған мәйітті қарау кезінде жоғалып кеткен қызды арқасындағы татировкасы арқылы бірден таныды. Осыдан кейін куәгерлер полицейлерге кісі өлтірушінің тағы да басқа адамдардың өліміне кінәлі болуы мүмкін екендігін ескертті. Күдіктенушілер, оның басқа да адамдарды мәйітін тоғанға жасырып тастауы ықтималдылығын айттын.Сондықтан ізкесушілер тоғанды тереңірек тінтіді.
Фото: thairath.co.th
Бай кісі өлтірушінің бұдан екі жыл бұрын есірткіні бірге қолданған сәттен бері таныс сыбайласы бары анықталды. Ол сыбайласының айтуынша, Апичая әр мәйіт үшін 10 мың рубль төлеуге уәде берген. Дегенмен уәдесінде тұрмаған. Сондықтан, ол Онгвизиттен таңғажайып жағдайда қашып құтылыпты. Онгвизит танысына келісіп бойынша ақша берудің орнына, тапанша алып, оқ жаудыра жөнелген.
Ізкесушілер16 қаңтар, бейсенбі күні тоғаннан киімдер мен парақтарға оралған адамның қаңқасын тапты. Келесі күні 20 сүңгуір бес сағат ішінде тоған түбін тінтіп шықты. Нәтижесінде, олар қаңқадан 5 метр қашықтықта жатқан 288 сүйек тауып алды. Полицейлер судың астында тағы да басқа адамдардың сүйектері жасырын жатқанына және басқа да айғақтар барына сенімді.
Ақыр соңында Онгвизит қызды өлтіргенін мойындады.
Кісі өлтіруше, не үшін өлтірдің дегенде: "Ол мені тастап кете ме деп қорықтым. Сондықтан түн ішінде оны металл жәшікке қамап тастадым" деген сылтау айтқан. 2019 жылдың тамызында ол қызды тұншығып қалған жерінен тауып алып, мәйітті жасырып, тығып тастаған.
Қазіргі таңда тергеушілер бірнеше әйелдің жоғалып кету жағдайларын тексеріп жатыр. Тергеу Онгвизитпен байланысып, кейін жоғалып кеткен әйелдердің оқиғасын да тексереді, деп жазады Metro басылымы.
Апихай Онгвисит - Бангкоктегі базарды иеленген кәсіпкер Чалермчай Онгвиситтің ұлы және мұрагері. Әкесі Чалермчай да кісі өлтіруші болған. Әкесі 15 жастағы қызды өлтіріп, мәйіттің дене мүшелерін бөлшектеп тастаған. Ол бұл әрекетін әйелімен сыбайласа отырып жасаған деген күдік бар.