$ 494.87  520.65  4.91

Бетперде кимеген тұрғындар жазаланады

Ұлт саулығына зиян келітрмес үшін Алматы әуежайлары мен Үрімшіден пойыз келетін теміржол бекеттерінде профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Фото: azh.kz
Фото: azh.kz

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны 17-ге жетті. Ал белгісіз індетті жұқтырғандар 570-тен асқан. Науқастармен қарым-қатынаста болған 6 мыңдай азамат карантинге жіберілді. Ухань қаласында қоғамдық орындарға бетперде киіп келу міндеттелді. Бұл бұйрыққа бағынбаған тұрғындар жазаланатын болады, деп хабарлайды Хабар 24.

  Күннен күнге «Ухань синдромы» атауын алған қауіпті вирус географиясын кеңейтіп келеді. Кеше кешкісін Санкт-Петербордағы Пулкова әуежайынан коронавирусты жұқтырған деген күдікпен екі адамды ауруханаға әкеткен. Шанхайдан ұшып келген ресейлік азамат медициналық көмекке өзі жүгінген. Ал қытайлық студенттің жоғары дене температурасы болған. Денсаулық сақтау министрлігі екі науқаста да коронавирус анықталмағанын айтты. 

"Қытайдан келіп жатқан барлық рейс санитарлық және карантиндік бақылаудан өтіп жатыр. Жолаушылар мен экипаж мүшелерінің дене температурасын өлшеудеміз. Одан бөлек, сауалнама жүргізіп, тұрғындарды Қытай халық республикасындағы жағдаймен хабардар қылып жатырмыз", - дейді тұтынушылардың құқығын қорғау федералды қызметінің өкілі Андрей Поляков. 

Қазақстан әуежайларында да Қытайдан келген жолаушылардың дене температурасы арнайы құрылғы арқылы тексеріліп жатыр. Ұлт саулығына зиян келітрмес үшін Алматы әуежайлары мен Үрімшіден пойыз келетін теміржол бекеттерінде профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Коронавирустың белгісіз түрі жайлы соңғы деректерді тиісті саланың мамандары бүгін біздің арнада айтады. Жергілікті уақытпен 12:20 шамасында Орталық коммуникациялар қызметінде өтетін брифинг тікелей эфирде көрсетілетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары