Жуынатын бөлмеге кірген қыз ол жерден ұзындығы екі метр жыланды тауып алды. Бұл оқиға Ұлыбританияның Биркенхед қаласында болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Upi сайтына сілтеме жасап.
Осы оқиғадан кейін жылан табылған пәтәрге полицияға түнгі сағат бірде жеткен. Құқық қорғаушылар жануарларды құтқару орталығының қызметкерлерімен байланыса алмағандықтан, жыланмен жұмыс істеуде тәжірибесі бар бас офицерді шақыртыпты. Ал офицер әлгі екі метрлік жануардың қауіпсіз екендігін айтып, улы емес жыландар тобына жататынын жеткізіп, айналасындағыларды тыныштандырды. Айтпақшы, полиция қызметкерлері жыланды ұстау кезінде оған су беріп, құрыққа түсіріпті.
Қазіргі таңда үй иелері мен көршілері осындай үлкен жыланның қайдан келгенін білмей, дал болуда. Жылан туралы білетіндер болса, жыланның бұл түрі Оңтүстік және Орталық Америка, Мальта аралдарын мекендейтінін айтуда. Қазіргі кезде жыланның иесі іздестіріліп жатыр.