$ 494.87  520.65  4.91

Бетперде киген демонстранттардың бейбіт шеруі қақтығысқа ұласты

Полицейлер наразы топты тарату үшін суатқыштар қолданды.

Чили астанасы Сантьягода белсенділер тағы да шеруге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бетперде киіп шыққан демонстранттар шеруді үкіметке қарсы ереуілдің 100 күн толуына орай ұйымдастырған. Алайда, бейбіт басталған шеру соңы әдеттегідей полициямен қақтығысқа ұласты. Ереуілшілер тәртіп сақшыларына тас лақтырған. Ал полицейлер наразы топты тарату үшін суатқыштар қолданды.

Айта кетейік, елдегі жаппай ереуілге метромен жүргенде төлейтін жолақысының қымбаттауы түрткі болды. Ел үкіметі бұл шешімнен бас тартқанымен, тұрғындар тыныштала қоймады. Чилиліктер денсаулық сақтау мен білім салаларына және зейнетақы жүйесіне реформа өткізуді талап етуде.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ереуіл #Чили