Малиде лаңкестер әскери лагерьге шабуыл жасады. Ұрыс кезінде қауіпсіздік күштерінің 15 қызметкері қаза тапты, - деп хабарлайды tengrinews.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Лаңкестер жексенбіде Сегу аймағындағы Соколо қаласындағы әскери лагерьге шабуыл жасаған.
«Соколодағы әскери лагерде террористердің шабуылынан кемінде 15 малилік әскерилер қаза тапты», - деді дереккөз.
Шабуыл жасағандар лагерден өздерімен бірге қару-жарақ және әскери құрылғыларды алып кеткен.