$ 443.35  475.54  4.82

Билл Гейтстің коронавирусқа қарсы жұмыстарға қанша қаржы бөлгені белгілі болды

Қытайда тіпті, бірнеше мегаполистік қалаларда карантин жарияланды.
Фото: Global Look Press/Qin Lang/Xinhua
Фото: Global Look Press/Qin Lang/Xinhua

 Әлемге әйгілі "Microsoft" корпорациясының негізін қалаушы, миллиардер Билл Гейтстің қайырымдылық қоры коронавируспен күресуі үшін қаржы бөлді. Қор Қытай мен Африкада жүріп жатқан емдік шаралар үшін 10 млн доллар бөлген. Бұл туралы қордың сайтында мәлімет жарияланды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Bill & Melinda Gates» қоры Қытай мен Африкада коронавирустың жаһандық таралуына қарсы күресіп жатқан адамдарға көмек көрсету үшін қаржы бөлді. Шұғыл түрде 10 млн доллар қаражат пен тиісті техникалық қолдау көрсететінін мәлімдеді», - делінген қордың баспасөз хабарламасында.

 Естеріңізге сала кетейік, әлемді дүрліктіріп жатқан қытайлық вирустың таралу аймағы кеңеюде. Қытайда тіпті, бірнеше мегаполистік қалаларда карантин жарияланды. Осы вирус қазіргі кезде әлемнің 13 елінде тіркелген. Вирус салдарынан 80-нен астам адам көз жұмды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары