$ 444.32  473.33  4.76

Коронавирус: Ухань қаласындағы «жабайы базарда» ит-мысықты көзбе-көз өлтіріп сатуда (ВИДЕО)

Бұдан базарда тазалық сақталмайтынын анық аңғаруға болады. Алайда оны емін-еркін аралап жүрген тұтынушылар жиіркенер емес.
фото: newsroom.kz
фото: newsroom.kz

Қазір әлемді алаңдатып отырған коронавирус дерті Қытайдың Ухань қаласынан тараған еді. Ал ауруға алғаш шалдыққан адамдардың жергілікті жабайы базардан алынған егеуқұйрық пен жарқанаттың бұзылған етін жегені мәлім, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желілерге сол қаланың «жабайы базары» түсірілген видео жарияланды. Әуесқой түсірілімнен қытайлардың ит, мысық сияқты үй хайуанаттарын топтап қамап, алушылардың таңдағанын бастан ұрып өлтіріп, сол жерде үйтіп сататынын байқауға болады. Сондай-ақ, тышқан, егеуқұйрық, жарқанат, жыланды да саудалап жатқан жергілікті тұрғындар көрсетілген.

Бұдан базарда тазалық сақталмайтынын анық аңғаруға болады. Алайда оны емін-еркін аралап жүрген тұтынушылар жиіркенер емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары