$ 481.84  531.33  5.07

Ұшақта ұяттан кірерге тесік таппай қалған әйел 80 келідей салмақ тастады

Артық салмағы қолайсыздық тудырған.
Фото: коллаж Skifnews.kz
Фото: коллаж Skifnews.kz

Канадалық әйел семіз болғандықтан ұшақта масқарасы шығып, жолаушылар мен ұшақ қызметкерлерінің алдында ұятқа қалған соң, 76 келі (80 келіге жуық) салмақ тастаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

32 жастағы Келси Бонас (Kelsey Bonas) тұрмысқа шығып, Ұлыбританияға қоныс аударған сәттен семіре бастаған. Ол тұрғылықты мекенжайын, елін өзгерткен кезден бері тез дайындалатын тамақтарға (фасфуд) әуестенетініп, күніне төрт мың каллориясы бар тағамдарды жеген.

Әйел «Макдоналдс»-қа күніне үш рет барған. Таңертеңгісін екі макмаффина, күндіз екі бургер жеп, оған қоса, тауықтан жасалған тағамдарды есепсіз жей беріпті. Соның салдарынан, салмағы 136 киллограммнан бір-ақ шыққан екен.

Артық салмағы қолайсыздық тудырған. Толықтығынан ол балаларын ойнатқан кезде қатты қиналыпты. Оған қоса, ұшаққа мінген кезде стюардессалардың алдында ұятқа қалған. Себебі ол, ұшақ мінгенде арнайы қауіпсіздік белдігін тағуға әрекеттенген кезде, белдік ұзындығы белін орауға жетпей жолаушылар мен стюардессалардың алдында ұяттан кірерге тесіп таппай қалыпты. Содан бастап өз-өзін мықтап қолға алады. Ол асқазанды тазалау, артық майларды алу секілді операцияларды жасатқан және тез дайындалатын фасфуд өнімдерінен бас тарту арқылы 80 келіге жуық артық салмақтан арылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары