Белгісіз біреулер Ливияның астанасы Трополидің оңтүстігінде орналасқан мектептердің біріне шабуыл жасады.Соның салдарынан 3 бала ажал құшқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Шабуыл кезінде бір оқушы жарақат алды. Мектепке шабуыл жасалғаны жөнінде ақпаратты жергілікті билік өкілдері растап отыр. Ал сол аймақтағы араздасқан екі тарап оқиғаға қатысты жауапкершілікті мойындарына алмаған. Олар бірін-бірі әлі айыптап отыр. Бұған дейін бір-біріне оқ атпау келісімі осымен бірнеше рет бұзылған.
Естеріңізде болса, әлем елдерін алаңдатқан Ливия мәселесі жуырда Берлиндегі халықаралық конференцияда кеңінен талқыланған еді. Конференцияға қатысушылар БҰҰ қару-жарақ эмбаргосын қолдауға келіскентұғын.