Америкалық Facebook компаниясы Иллинойс тұрғындарының бет-әлпетті тану технологиясын пайдалануға қатысты сот ісін қарау үшін 550 миллион доллар төлеуге келісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ria.ru-ға сілтеме жасап.
Бұдан бұрын Facebook бұдан былай әлеуметтік желіде бетті тану технологиясын автоматты түрде қолданбайтыны туралы хабарланған болатын. Келісімге сәйкес, Facebook компаниясы Иллинойс тұрғындарына 550 миллион доллар төлейтіні және талапкерлердің заңды төлемдерін төлейтінін хабарланған. Мұнан бөлек, Facebook компаниясы арыз берушілердің сот шығындарын төлеп беруге міндеттелді.
2015 жылы Иллинойс штатының тұрғындары Facebook компаниясына биометрикалық мәліметтерді жинау үшін тұлғаны тану технологиясын қолдана отырып заң бұзды деп айыптап, сотқа арызданған. 2019 жылдың тамызында АҚШ-тың федералды апелляциялық соты Facebook-тің ұжымдық іс-әрекетке шағымдану әрекетін қабылдамай қойған.