$ 494.87  520.65  4.91

Такси жүргізушісі Уханьнан келген жолаушыны жолда түсіріп кетті (ВИДЕО)

Сонда жолаушы Уханьнан келгенін және шұғыл ауруханаға жеткізуін өтінеді.

Қытай Халық Республикасындағы Хэнань провинциясында такси жүргізушісі жолаушыны түсіріп кеткен. Себебі, ол коронавирус тараған Ухань провинциясынан келгенін айтқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиғаның видеосы YouTube желісінде тарады. Кадрда маска киген жігіттің көлікке отырғанын және жөтеле бастағанын көруге болады. Жүргізуші қайдан келгенін сұрағанда, ол Хэбэй провинциясының Баодин округінен келгенін айтады.

Бірақ, жүргізуші оған сенбей, сөйлеген сөзі басқа аймақтың сөзіне ұқсайтынын айтады. Сонда жолаушы Уханьнан келгенін және шұғыл ауруханаға жеткізуін өтінеді.

Содан соң жүргізуші көлікті тоқтатып, жолаушыдан түсуін сұрайды. «Сізге көліктен түскен жөн. Тезірек түсіңіз», - деп талап етеді. Жолаушы түскен соң, такси жүргізушісі полицияға хабарласа бастайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары