Үндістанның Уттар-Прадеш штатында 20 баланы кепілге алған ер адамды атып тастады, деп хабарлайды ВВС.
Кісі өлтіргені үшін өмір бойына сотталған ер адам шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған еді. Ол қызының туған күнін тойлау үшін ауылдастарын, балалар мен әйелдерді шақырған. Ер адам туған күн кезінде адамдарға оқ атып, 20 баланы кепілге алған.
Полиция бірнеше сағат бойы қылмыскерді берілуге көндірмек болған. Олардың бұл әрекеті іске аспаған соң, олар арнайы қызметкерлерді шақырды. Ер адам атыс кезінде қаза тапты. Барлық балалар қауіпсіз жерге жеткізілді, ешкім зардап шеккен жоқ.