Әлем 31.01.2020 сағат 12:40

«Ешқандай мағынасы жоқ»: жазушы атақты ойыншымен бірге жазып жатқан кітаптың көзін құртты

Жазушы мен спортшы кітап жазуға тек 2019 жылы кіріскен.
«Ешқандай мағынасы жоқ»: жазушы атақты ойыншымен бірге жазып жатқан кітаптың көзін құртты
Фото: pixabay.com
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

НБА-ның атақты ойыншысы Коби Брайант пен бразилиялық жазушы Пауло Коэльо балаларға арнап кітап жазып жатқан болатын, бірақ әуе апатында спортшының қайтыс болуына байланысты жазушы кітаптың черновиктерін өшіріп тастағанын мойындады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Bugin.kz-ке сілтеме жасап.

Брайант пен Коэльо бірлескен кітабының жобасы 2016 жылы талқылана бастаған. Жазушы мен спортшы кітап жазуға тек 2019 жылы кіріскен, алайда Кобидің қайтыс болуына байланысты жазушы туындыны өшіріп тастапты.

"Мен оны лақтырып жібердім, өйткені Кобисіз кітапты жариялаудың ешқандай мағынасы жоқ. Мен оған немесе оның отбасына қатысты ештеңе қоса алмаймын", - деді Коэльо. 

Пауло Коэльоның "Алхимик" романы Коби Брайнттың сүйікті кітабы болған екен.

Еске салайық, НБА-ның бес дүркін чемпионы Коби Брайант Sikorsky S-56 тікұшағының құлауы салдарынан қаза тапқан болатын.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар