01.02.2020, 04:38

«Петербург» спорт-концерт кешені опырылып қалды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот
Құлаған қабырғалар мен шатырлардың шамамен 80 пайызы 25-28 мың шаршы метр аумақты алып жатыр.

Ruptly бейне агенттігі «Петербург» спорт-концерт кешенінің опырылу сәтінен видео жариялады, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы Риа Новости-ге сілтеме жасап. 

Видеодан ғимараттың опырылуынан аман қалған бөлігін көруге болады.

Сонымен қатар, 78.ru порталы ғимараттың опырылуынан көтерілген шаңның себебінен түк көрінбей қалғанын, тіпті жүргізушілердің жолын түнек басқанын айқындайтын видео жариялаған.

Ғимарат демонтаж кезінде опырылып қалған. Құлаған қабырғалар мен шатырлардың шамамен 80 пайызы 25-28 мың шаршы метр аумақты алып жатыр.

ТЖ қызметі үйінді астынан бір жұмысшының денесін тапты. Төтенше жағдай орнында іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды.

Тегтер: Ресей