Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 5 ақпандағы Мәскеу сапарынан бас тартты, деп жазады «Компания» журналы, министрліктің ақпараттарына сүйене отырып.
Ресейдің СІМ ақпан айында ешқандай ресми сапардың жоқтығын растады. Мәскеу сапарынан бас тартудың негізгі себебі, Ташкенттің Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше болуға ықылас танытпауынан болып тұр.
Өзбекстан президентінің Ресейге екінші ресми сапары жайында 1 қазанда Сенат төрағасының орынбасары Садық Сафаев мәлімдеген болатын. 26 желтоқсанда Өзбекстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ильхом Нематов президенттің сапары 5 ақпанға қарастырылғанын растаған еді. Алайда, қаңтар айында Өзбекстан парламенті одаққа кіруге қарсы шығып, қоғамдық пікір алаңында толқулар болды.
Қазіргі таңда ресми түрде сапардың болмайтынын екі тараптың БАҚ-тары жарияламады. Ташкенттегі «Ко» басылымы ресми сапардың жазға қалғандығын, сол арқылы президенттің одаққа кірмеу үшін уақыт созып жатқанын болжады.
Дереккөз: bugin.kz