$ 494.87  520.65  4.91

Дәрігерлер аң-таң: қыздың ауыз қуысы мен тістерінің арасына шаш өсіп кеткен

Ақырында хирургтар оның ауыз қуысына өсіп кеткен шашты алып тастап, әйелге ішу үшін гормоналды дәрілердің рецептісін жазып берген.
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

25 жастағы Италия тұрғынының аузына шаш өсіп кеткен. Ол белгісіз ауруға шалдыққан айтып, аруханада дәрігерге қаралыпты. Ақ халаттылар болса, оның сирек кездесетін дертке ұшырағанын  алға тартқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат агенттігі.

Мұндай сирек кездесетін сырқат түрі әлем бойынша тек 5 ер адамда кездескен екен.. Мамандар бұл ауру туралы ғылыми әдебиеттерде өте аз мәліметтер бар екендігін мәлімдеген.

Италиялық аруға "поликистоздық жұмыртқалар синдромы" деген диагноз қойылыпты. Сирек кездесетін мұндай ауруға шалдыққандардың денесі мен бетінде шаш, түрлі қылшықтардың өсуі өте жиілейтін көрінеді. Денсаулығына шағымданып келген қызды тексерген дәрігерлер оның иегі мен мойнына шаш өсіп кеткенін анықтапты. Одан кейін, таңдайына да шаш өткенін анықтаған. 

 Ақырында хирургтар оның ауыз қуысына өсіп кеткен шашты алып тастап, әйелге ішу үшін гормоналды дәрілердің рецептісін жазып берген. Абырой болғанда бұлай емдеу жолы жақсы нәтиже көрсеткен. Арада уақыт өте келе  қыздың ауызында шаштың өсуі қайтадан жиілеп кеткен. Қазір қызылиегі мен тістерінің арасына шаш өскен.

Оны көрген мамандар таңданыстарын жасырмаған. Оның ауыз қуысындағы шаш түктерін тауып, аң-таң болыпты. Әйтсе де, дәрігерлер мұның нақты себебін таппай, түсіндіре алмай дал болуда. Сондықтан қыз өмір бойы гормоналды дәрі ішіп жүруге мәжбүр.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары