$ 524.65  552.19  5.14

Араб сұлтандары шөл далаға құлтемірлер жұмыс жасайтын шаһар салмақ

Жоспар бойынша тың технологияға толы шаһардағы барлық қара жұмысты құлтемірлер атқарады.
Фото: businessviews.com.ua
Фото: businessviews.com.ua

Сауд Арабиясының билігі шөл далаға алып шаһар сал қаланы адамдар емес, роботтар мекен ететін болады.

Неом қаласы Қызыл теңіздің жағалауынан бой көтереді. Ол Азия мен Африка елі үшін технологиялық хаб болады деп жоспарланған. Бұл туралы Сауд Арабиясының ханзадасы Мухаммед бен Салман әл-Сауд мәлімдеді.

Айтуынша, қала 26 мың шаршы шақырым аумақты алады. Нысанның барлығы баламалы қуатпен жасақталып, биотехнология, азық-түлік, сандық экономика мен көңіл көтеру индустриясының орталығына айналады.

Жоба құны – 500 миллиард доллар. Қаржыны ел үкіметі мен арнайы қорлар және жеке инвесторлар құяды. Жоспар бойынша тың технологияға толы шаһардағы барлық қара жұмысты құлтемірлер атқарады.

 «Неом» - сөзі, грек тілінен аударғанда алып, үлкен деген мағынаны білдіреді. Алып шаһар, Vision 2030-бағдарламасында жоспарланған болатын, бағдарламаға Британдық компаниялар (McKinsey & Co, Boston Consulting и Oliver Wyman), қолдау көрсетіп, қаланың жобасына өзгертулер енгізді.

Олар - шөлді өлкеде жаңбыр жиі жаууы үшін аспанды жасанды бұлттандыру, білім беру толықтай роботтандыру, дрондардың көмегімен қала аспанына жасанды үлкен ай шығару, туристерді әуе-таксилерімен қыдырту және шаһардың Қызыл теңізге қараған бөлігін жағажай етіп жасауды көздейді.

Қала тек қиял түрінде ғана айтылды десеңіз қателесесіз. Себебі, осы күнде алғашқы ғимараты салынып дайын тұр, ол - Неом әуежайы. Неом қаласы - әлемдегі ең қымбат әрі қызықты жобалардың көшін бастады. Қаланың дайын болу уақыты 2030 жылға жоспарланып отыр.

Дереккөз: Bugin.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Сауд Арабия