$ 514.65  544.6  5.17

Apple қызметкерінің жылдық жалақысы қанша?

Жоғарыда көрсетілген жалақылар тізімі өкімет салығын санамағандағы жалпы сома болып табылады.

Қандай IT маманы болмасын Apple компаниясында жұмыс істегісі келетіні белгілі. Бұл компания төрткүл дүниедегі ең үздік бренд немесе топ мықты корпорациясы ретінде әрдайым тек үздіктер қатарында жүреді. Мұндай рейтингтер компания жұмысының өнімділігі, тауар айналымы, жылдық табыс секілді әр түрлі талаптар бойынша жасалады.

Алайда, америкалық эксперттер әлемдегі нөмірі бірінші саналатын Apple компаниясының қарамағындағы қызметкерлерінің жылдық  жалақысы қанша болуы мүмкін деген сұраққа жауап іздеді.

GlassDoor аналитикалық компаниясы Apple қызметкерінің орташа айлық көрсеткіші 1 421 000 теңге екендігін анықтап білді.

Статистика бойынша корпорация қызметкерлері  Америкадағы жалақысы ең жоғары және бонустық төлем ақыны ең көп алатын жұмыскерлер болып есептеледі.

Apple қызметкерінің жылдық жалақысы:

Apple Store Genius-бөлімінің маманы – $41 824

Apple Store менеджерінің көмекшісі – $51 287

Apple Store Genius-бөлімінің басшысы – $52 206

Клиенттермен жұмыс істейтін менеджер – $74 457

Бизнес-аналитик – $85 865

Қаржы аналитигі – $89 728

Тестілеуші – $92 733

Жүйе инженері – $95 713

Жоба менеджері – $101 716

Тігін маманы – $105 270

Тестілеу инженері – $106 446

Аға жүйе инженері – $107 740

Дерекқор әкімгері – $109 415

Программалық жасақтаманы әзірлеуші – $110 784

Аппараттық жасақтаманы әзірлеуші – $113 577

Инженер-механик – $119 150

Өнім дизайнының инженері – $119 742

Өнім менеджері – $120 182

Аға  инженер-бағдарламашы – $130 130

Жабдықтау бойынша аға инженер – $138 753

Өнеркәсіп дизайнері – $167 260

Жоғарыда көрсетілген жалақылар тізімі өкімет салығын санамағандағы жалпы сома болып табылады. Өздеріңіз білетіндей АҚШ халқының күнделікті табысының негізгі бөлігі салыққа кетеді.

Дереккөз: Massaget.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары