$ 524.65  552.19  5.14

«Жеңіл қару-жарақтың заңсыз, бақылаусыз сатылуы әлемге қауіп төндіріп тұр» - БҰҰ өкілі

Қазір дүние жүзінде 1 миллиардқа жуық қару бар. Оның 75 проценті – жекеменшік.
фото: zanmedia.kz
фото: zanmedia.kz

БҰҰ-ның қару-жараққа қатысты эмбаргосынан қайран болмай тұр. Бұл туралы ұйымның Бас хатшысының орынбасары әрі қарусыздандыру мәселелері бойынша жоғарғы өкілі Изуми Накамицу мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар24» телеарнасы.

Тапанша, мылтық, тіпті, автоматтардың бақылаусыз сатылуы әлемге қауіп төндіріп тұр. Қазір дүние жүзінде 1 миллиардқа жуық қару бар. Оның 75 проценті – жекеменшік.

Изуми Накамицудің айтуынша, әсіресе, жеңіл қару-жарақтың заңсыз айналымы үлкен қатерге айналды. Мұның соңы қарулы қақатығыстар мен терроризмге әкеледі дейді ол.

«Шиеленістер кезінде негізінен жеңіл қару-жарақ қолданылады. Осы қару түрлерінің сатылымы бүгінде қатаң бақыланбайды. Бүкіл әлем бойынша 2010-2015 жылдар аралығында өлтірілген адамдардың жартысы осындай қарудан қаза тапқан. Жылына бұл қарудан 200 мыңнан астам адам опат болады», - дейді БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Изуми Накамицу.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары