Санкт-Петербургте шенеунік пәтерінде казино табылғаны туралы хабарламадан кейін жұмыстан кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Санкт-Петербургтегі Введенский муниципалды округінің басшысы Олег Калядин өз еркімен қызметінен кеткен. Сенбіде осы оқиғадан хабардар құқық қорғау органдарының қызметкерлері Ria.ru-ға хабарласып, Санкт-Петербургтегі муниципалды шенеуніктің пәтерінен жерасты казиносын тапқанын айтты.
Жергілікті БАҚ-ның мәліметтеріне сенсек, пәтер Калядинге тиесілі. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары болса, Калядин әлгі пәтерін жалға беретін туралы айтқанын хабарлауда. Сондықтан пәтер иесі, ол жерде құқық бұзушылық әрекеттері болғанын тіпті, білмейді екен.
Қазір шенеунік өз еркімен қызметінен кеткен, оның орнына жаңа басшы тағайындалған.