$ 494.87  520.65  4.91

Педагог өз өміріне «балта шапқысы» келген оқушыны құтқарып қалды

Ата-аналар болса, болған оқиғаны дереу сынып жетекшісіне жеткізген.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Мәскеуде өз-өзіне қол жұмсамақ болған оқушы қызды сынып жетекшісі бір өлімнен аман алып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мұғалімнің сөзіне сенсек, қыз әлеуметтік желіде қорқынышты жазба жариялаған екен. Оның әлгі жазбасын оқыған сыныптастары ата-аналарына айтқан, ал олардың бірі мұғалімді шақырыпты. Содан сынып жетекшісі дереу әрекетке көшіп, қыздың анасына хабарласып, оқушының үйіне барады. Бұл ақпаратты Мәскеу қалалық білім департаментіінң баспасөз қызметі растап отыр. 

 "Күйзеліске ұшыраған қыз кешқұрым үйінде жалғыз қалған. Сол кезде әлеуметтік желілердің біріне жазба жариялаған. Оның жазбасын оқыған сыныптастары ата-аналарға дереу бәрін айтып берген. Ата-аналар болса, болған оқиғаны сынып жетекшісіне жеткізген. Педагог шәкіртінің қорқынышты жазбасы туралы білесімен-ақ оның анасына хабарласып, үйіне барады. Соның арқасында мұғалім жаман оқиғаның алдын алды", - деп отыр Орталық әкімшілік округінің инспекторы Екатерина Федорова.

Суицид жасап, өз өміріне балта шабудан аман қалған қыз қазір ата-анасының айтуынша қазір тәртіпке бағынып, ортаға бейімделіп келеді. Тіпті, медициналық көмекті қажет етпейтіндей дәрежеде денсаулығы жақсы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары