Сауд Арабиясының Бас мүфтиі Абдулазиз Али Шейх еркектерге төтенше жағдай туындаған жағдайда өз әйелдерін жеуге болатындығы туралы фатва (шешім) шығарған. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, livejournal-ға сілтеме жасап хабарлайды. Бұл қызық әрі жантүршігерлік мәлімет 2015 жылы жарияланған екен.
Журнал дерегіне сүйенсек, күйеуі мен әйелі "екі жарты - бір бүтін" болғандықтан, әйелі мұндай жағдайға душар бола қалса, қарсылық танытпауы тиіс екен. Сонда күйеуі әйелін жеп қойған соң, олар бір-біріне одан сайын жақындай түседі-міс.
Шейх шешіміне сәйкес, күйеуі аштан өлердей ашығып тұрса, әйелін кесіп, денесінің бір бөлігін жей алатын көрінеді.
Шешім бойынша, күйеуі бұлай жасайтын болса, жұбайының шешіміне қарсыласпай, оған адал берілгендік пен мойынұсыну ретінде көну керек екен.
Хабарландыру әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырған. Әйелдердің құқықтары бұл мемлекетте қазірдің өзінде қысымға алынған.
Ескерту! Қазіргі таңда бұл шешімнің күшіне енген немесе енбегені жайлы нақты ақпарат жоқ.