12.02.2020, 17:20

Бетіне маска жаққан әйелдің бір қабат терісі сыпырылып түскен

Фото: japantrading.com.ua
Десе де бұл әрекеті түк көмектеспеген.

Британиялық әйел косметикалық масканы тұтынып көрген соң шағымдана бастады. Себебі, бетіне арзан маска жаққан оның бет терісі қабыршақтанып, сырыпылып түсе бастаған деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Бұл жайлы The Sun порталы жазған.

Кэндис Патерсон есімді британиялық әйел Health Point LTD кокос маскасын жергілікті косметикалық сататын дүкеннен 1 фунтқа (489 теңге) алған. Масканы бетіне жаққан соң, бет терісі қызарып, ашып, шаншып дуылдап кетіпті. Содан дереу бетін жуып тастапты. 

 Бетінен маскаға қарсы мұндай реакцияны бұрын-соңды байқамаған 29 жастағы Паттерсон бетіне суық зат, мұз басып, терісін жұмсақ қылатын крем жаққан екен. Десе де бұл әрекеті түк көмектеспеген. Қайта терісі қабыршақтанып түсе бастаған. 

Фото: The Sun

"Бет терімнің кейбір жерлері күнге күйген секілді түсе бастады" деген тұтынушы әлгі масканы өндіресін компанияның поштасына хат жазып, шағып түсірген. Мұнымен тоқтамай, Twitter әлеуметтік желісіне тұтынушылардың қауіпсіздігі үшін масканы сатуды тоқтата тұруды талап етті. Бірақ, оның дабылына әлі күнге дейін жауапты тарап құлақ түрмеген сыңайлы.

 

Тегтер: тұтынушы