Қытайдың Хубэй провинциясында коронавирустан қаза тапқандардың саны 242 адамға артты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Осылайша бұл кеселден әлем бойынша 1 мың 357 адам көз жұмды. Ал бір тәуліктің ішінде Хубэйде 14 мың 840 адам вирус жұқтырғандардың қатарына қосылды. Өңірдің денсаулық сақтау ұйымы 3 мың 441 адам ем домын қабылдап, ауруханадан емделіп шыққанын айтады.
Айта кетейік, соңғы ақпарат бойынша қазір әлемде 60 мыңнан астам адам осы дертке шалдыққан.