$ 494.87  520.65  4.91

«Коронавирус жұқтырдым» деп ойлаған ер адам суицид жасады

Оның әйелі дәрігерлер күйеуіне инфекция барын және бетперде киіп жүруге кеңес бергенін айтты.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Кіші дәретке отырғанда қиналған Читтур округінің тұрғыны (Үндістанның Андхра-Прадеш штатының оңтүстігінде) мұны коронавирус деп ойлап, өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды zakon.kz thenewsminute.com сайтына сілтеме жасап.

Ол, негізінде, зәр шығару жолдарының инфекциясынан зардап шеккен.

Тоттамбеду ауылының 54 жастағы Балакришнайя деген тұрғыны алдында қоғамдық ауруханаға барып, кеңес алып қайтқаннан кейін өзгерген. Отбасы мүшелерінің айтуынша, дәрігерлердің сөзін дұрыс ұқпаған ол "коронавирус жұқтырдым" деп есептеген.

"Біз оған "Сенде коронавирус жоқ" деп айттық, бірақ ол бізге өзіне жоламауды талап етті және барлық тұрғындардан өзіне жақындамауын сұрады, - дейді Балакришнайяның ұлы журналистерге берген сұхбатында.

Оның әйелі дәрігерлер күйеуіне инфекция барын және бетперде киіп жүруге кеңес бергенін айтты.

"Сенбі күні ол өзін оғаш ұстай бастады. Ал дүйсенбі күні таңертең өз-өзіне қол жұмсап, мерт болды", - деді ол.

Баласының айтуынша, Балакришнайя қатты үрейленіп, отбасы мен ауылына қауіп төндіретініне сенген.

"Біз оған жақындасақ, тас лақтыра бастады. Ол ауылға қауіп төндіретіндіктен, тез арада өлуі керек екенін айтты. Бізге жақындамауымызды талап етті", - деді ол.

Ер адам интернеттен коронавирус белгілері туралы көптеген видео көріп, өзі оны жұқтырғанына сенімді болған. Ченчулая дәрігерлері коронавирус туралы насихат жұмысы бүкіл штатта жүргізіліп жатқанын айтты.

"Коронавирусты жұқтырғандар осы уезде немесе штатта тіркелген жоқ. Біз күн сайын газеттер арқылы адамдарға бұл қауіпті індет туралы үнемі хабардар етіп отырамыз", - деді дәрігер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары