17.02.2020, 14:20

Тәтті бәліш жеу конкурсына қатысып жатқан қыз өліп кетті

Фото: pixabay.com
Өлімнің нақты себебі әлі айтылған жоқ.

Мәскеудегі тамақтанатын орындардың бірінде тәтті бәліш жегізу конкурсына қатысқан қыз тіл тартпай кетті, деп хабарлайды РИА Новости.

Қайғылы оқиға Killfish барында болған. Ерекше сайыста көш бастаған жиырма үш жастағы қыз соңғы секундтарда қақалып, есінен танып қалған.

Қасында болғандардың ешқайсысы оған көмектесе алмаған, ал жедел жәрдем дәрігерлері қыздың өліп кеткенін айтқан. Өлімнің нақты себебі әлі айтылған жоқ.

Қаза тапқан қыздың әкесі Рен-ТВ телеарнасына баласының ауырғанын және оған алкоголь ішуге болмағанын жеткізіпті.

Тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы федералдық бақылау қызметінің бұрынғы басшысы, мемлекеттік дума депутаты Геннадий Онищенко тамақ жегізу конкурстарын қауіпті деп атап, оларды өткізуден бас тартуға шақырды, деп хабарлайды РИА ФАН. 

Тегтер: конкурс