$ 446.49  475.38  4.79

Тасжолда 20-ға жуық көлік соғысып қалды: зардап шеккендер бар

Полиция оқиға орнын қоршауға алды.

Елдің оңтүстік-батысында тасжолда 20-ға жуық автокөлік соқтығысып, бір адам көз жұмды және 28-і жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оңтүстік Кореяның Рёнхап агенттігіне сілтеме жасап.

Полиция мен өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, апат бүгін сағат 12:23-те Солтүстік Чолла провинциясында Сунчхон қаласы мен Ванджу уезін біріктіретін тасжолдың туннелінде болған. 

Полиция оқиға орнын қоршауға алды. Қазіргі уақытта құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Құрбандар саны өсуі мүмкін, себебі химиялық заттар салынған автоцистерна өртеніп, токсинді газ тараған. Химиялық заттар туралы дерек әзірге жоқ. 

«Оқиға орнынан шығып жатқан қою қара түтін құтқару жұмысын қиындатып жатыр. Келтірілген залал сомасы өрт сөндірілгеннен кейін белгілі болады», - деп хабарлады полициядан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары