$ 494.87  520.65  4.91

Биліктің тыйым салғанын елемеген қытайлықтар жыртқыш аңдарды әлі сатып алып жатыр

Ғалымдар болса, коронавирус адамдардың жабайы жыртқыштардың етін жегендіктен таралуы мүмкін деп болжам жасап отыр.
Фото: reuters.com
Фото: reuters.com

Қытай полициясы жыртқыш аңдарды аулап, сатып әрі талғажау қылғаны үшін 700 адамды тұтқындады, деп хабарлайды Reuters.

Заң бұзған адамдарды ұстау кезінде полиция 40 шақты жан-жануарды тәркілеген. Ал жыртқыштарды аулаушылар оларды медициналық мақсатта жеп әрі пайдалануды көздеген екен. 

Reuters мәліметіне сүйенсек, жыртқыш аңдарды сатушылар уақытша шектеу күшін жойған соң, осы әрекеттерін қайтадан жасамақшы болыпты.

Ғалымдар болса, коронавирус адамдардың жабайы жыртқыштардың етін жегендіктен таралуы мүмкін деп болжам жасап отыр. Бұдан бұрын инфекция жұқтырғандардың алғашқыларынан Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алған жабайы жыртқыш етін жегені анықталған еді. Мамандар жыртқыш аңдардың етін жеу қауіпті екендігін тұрғындарға ескерткен. Десе де аң аулаушылар бұл әрекеттерін тоқтатпапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары