$ 524.65  552.19  5.14

Немересін ауруханадан шығаруды талап еткен әже қаруланып келген

Құқық қорғау қызметкерлері немере қызын ертесіне тапты.

Американың Жаңа Орлеан қаласында әжей немересін ауруханадан "алып кету үшін" шабуыл жасады. Бұл туралы Fox News хабарлады.

Телеарнаның хабарлауынша, 66 жастағы Эвелин Миллер 14 қаңтарда қолына қару алып, Окснер жергілікті ауруханасының педиатрия бөлімшесіне барған. 

Ол ауруханаға кіре салып, 12 жастағы немересін шығаруды талап еткен. Қызметкерлер қарсылық көрсеткен кезде әжей қаруы бар екенін айтқан.

"Оқиға орнынан қашқан кезде ол бір мейірбикені итеріп, күзетшіні көлігімен қағып кеткен", - деп мәлімдеді жергілікті полиция қызметкері.

Құқық қорғау қызметкерлері немере қызын ертесіне тапты. Ал әжесіне баланы ұрлағысы келді деген айып тағылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#аурухана