$ 439.43  473.31  4.82

10 миллиард доллар жұмсамақ: әлемдегі ең бай адам Жерді экологиялық апаттан қорғауға кірісті

Айтуынша, қаржы жаздан бастап зерттеушілерге, экологиялық мәселелермен айналысатын белсенділер мен үкіметтік емес ұйымдарға бөлінбек.
фото: erece.org
фото: erece.org

Amazon басшысы Джефф Безос Жер қорын құратынын жариялады. Жоба планетамыздағы климаттық өзгерістермен күреске бағытталмақ. Бұл туралы миллиардер өзінің Instagram-дағы парақшасындағы хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

«Мен бұрын зерттелген әдістерді жетілдіріп, климат өзгерісінің салдарымен күресу мақсатында жаңа әдістерді енгізуді көздеп отырмын», – деді Безос.

Осы мақсатта ол 10 миллиард доллардай қаражатты қорға аударады. Айтуынша, қаржы жаздан бастап зерттеушілерге, экологиялық мәселелермен айналысатын белсенділер мен үкіметтік емес ұйымдарға бөлінбек.

Сонымен қатар, Безос басқа да компанияларды, мемлекеттерді және халықаралық ұйымдар мен қарапайым адамдарды бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.

Естеріңізге сала кетсек, жақында Джефф Безос қайтадан әлемдегі ең бай адам атанған болатын. Forbes дерегі бойынша, оның байлығы 115,5 млрд долларды құрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жер #жоба #бай