$ 514.65  544.6  5.17

Қыз пәктігін сатып, аурухана ақысын төлемекші

"Бұл жағдайға қуанбадым", - дейді ару.
Фото: Cinderella Escorts
Фото: Cinderella Escorts

Швецарияда тұратын 20 жастағы Аманда есімді бойжеткен пәктігін сатуға бел буып отыр. Қыздың сөзіне сенсек, ол пәктігін сатып, одан түскен қаржыны аурухана ақысын төлеуге жұмсамақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, gomel.today сайтына сілтеме жасап. 

 Қыз жол апатына түскен екен. Дәрігерлер оны аман алып қалған. "Бұл жағдайға қуанбадым", - дейді ару. Өйткені Аманданың аурухана шығынын өтейтін ақшасын жоқ екен. Сондықтан ол, шарасыздықтан пәктігін сатып, өзін емдеп, өлімнен аман алып қалған аурухана ақысын төлемек. 

Бойжеткен бұдан екі жыл бұрын жол апатына ұшыраған. Ол көлікпен келе жатып, тізгінге ие бола алмай, салдарынан көпірден ұшып кетіп, өзенге құлапты. Оқиға қыздың туған жерінде болмағандықтан, оны емдеген шетелдік аурухана қомақты қаржы талап еткен. Ал қыз болса, жақындарына салмақ түсіргісі келмей, пәктігін сату туралы шешім қабылдапты. 

"Бұрын мен 20 жасында өзінің пәктігін сақтап қалған қыздар жайлы естісем күлкім келетін. 18 жасымда жол апатына түсемін деп мүлдем ойламадым. Енді міне, пәктігімді сатып, осылай пайда табу туралы ойландым", - деген екен Аманда.

Айтпақшы, Аманда пәктігін 4  мың рубльге бағалап отыр. Ол саудасы туралы сайтқа хабарлама қалдырған. 

Негізінен бұлай пәктігін сату жезөкшелікке жатқызылады екен. Ал Швейцарияда бұл қызметке заңмен рұқсат етілген.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары