Жануарларды қорғаумен айналысатын қызметкер маймылдарды қорғап қалу үшін жыландарды аулаған. Сол кезде орангутан әлгі кісіге көмектескісі келіпті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл оқиға Борнео аралында болған. Әйтсе де жануарларды қорғайтын кісі маймыл қолын созғанда, оның көмегін қабылдамай қойыпты. Фотограф "Неге олай еттің?" деп сұрағанында "Бұл орангутан маған таныс емес" деп жауап беріпті.
Мына суретті достарымен бірге сафариге келген фотограф Анил Прабхакар түсіріпті. Өте әсерлі әрі ерекше сәттің куәсі болған фотограф суреттегі адамның Борнеодағы орангутандарды құтқару қорында жұмыс істейтінін анықтап білген. Қазір ол қордың қорғауында 650 примат бар екен.
Қор фотосуретті әлеуметтік желілерге жүктеген, бұл суреттің тарихы желі қолданушыларын таңқалдырды.