$ 448.15  483.46  4.86

Супер салмақтағы чемпион қарсыласымен текетіресіп қалды (ВИДЕО)

Абырой болғанда басы жарылып, мұрны қанамады.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

WBC чемпионы әрі ауыр салмақтағы боксшы Деонтей Уайлдер мен британиялық спортшы Тайсон Фьюр Лас-Вегастағы баспасөз мәслихаты кезінде төбелесіп қала жаздады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бір-біріне есе жібергісі келмеген былғары қолғап шеберлері сахнада сөз келіп, аяқастынан жанжалдасып қалған. Сол сәттен кейін америкалық спортшы қарсыласын итеріп жіберген. Абырой болғанда басы жарылып, мұрны қанамады. Оларды күзет қызметкерлері мен бокс командасының мүшелері дер кезінде ажыратып үлгерді. 

Айта кетейік, 22 ақпанда Фьюри мен Уайлдер Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында жұдырықтасады. Естеріңізде болса, олар бұдан бұрын 2018 жылы қолғап түйістірген болатын. Ол кезде Лос-Анджелесте өткен жекпе-жек барысында екеуі де тең түскен еді. 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары