$ 514.65  544.6  5.17

Тіршіліктен шаршап, өмірден баз кешкенде барып ес жиятын «ақылы түрме» бізге де қажет пе? (ВИДЕО)

«Қаланың іргесінен осындай демалыс орнын ашып қойса деймін де. Ауылды сағынғандар келіп мал жайлап, бір мауқын басатын. Келіндер сиыр сауып, тезек жинайтын, ә?» деп жазды Ерланби Дәулетияр.

Қазақстандық тележүргізуші Оңтүстік Кореяда «ақылы түрме» бар екенін айтты. Ал тіршіліктен шаршап, өмірден баз кешкен адамдар барып ес жиятын сондай мекеме Қазақстанға қажет пе? Бұл туралы бүгін Сaravan.kz хабарлады.

Бірнеше уақыт бұрын Оңтүстік Кореяға барып, сондағы халықтың салт-санасымен, мәдениетімен танысып келген тележүргізуші Ерланби Дәулетияр мырза бір таңқаларлық дүниемен бөлісті. Айтуынша, тіршіліктен шаршап, стресске шалдыққан адамның «ақылы түрмеге» барып, өмірдің мәнін сезінуге, яғни, ес жиюға болатыны психологиялық тұрғыда анықталған екен.

«Оңтүстік Кореяда «Ақылы түрме» деген отель бар. Қу тіршіліктен шаршап, өмірден баз кешкен адамдар барып ес жиятын жер. Номерлері кәдімгі түрменің камерасы, тамақты да кішкентай терезе арқылы береді. Ешқайда шықпайды, ешкіммен сөйлеспейді, өз-өзіне келгенше осындай күн кешеді.

Психологтар «дамыған елдердің негізгі дерті – стресс» дейді. Мұндай қоғамда адамға деген талап күшті болғандықтан, қысымға шыдамаған көбі не суицидке барады, не осылай «Ақылы түрме» сияқты біртүрлі жерлерге барып ес жияды.

Айтпақшы, Корея – тұрғындары суицидке көп баратын елдердің көшбасында. Мұндай статистикадан кейін дамуға да қорқады екенсің... Жарайды, өздерімен кетсін.

Бұл әңгіменің видеоға не қатысы бар дейсіз ғой? Біз де өзімізше кең жерде жүріп, аз адамның арасында стресске ұшыраймыз ғой. Ал ауылда өсіп, қалада тұрып жатқан бүгінгі қазақтың көбісіне мал жайлау да бір релакс, тіпті, медитацияның бір түрі. Шын, өз басым осы процесстен ерекше кайф алам. Қаланың қарбаласынан бір сәт ой үзіп, демалып қаласың. Өткенде ауылға барып, киім ауыстырмастан қораға сап бердім де малға азығын салып, бір кайфовать еттім.

Қаланың іргесінен осындай демалыс орнын ашып қойса деймін де. Ауылды сағынғандар келіп мал жайлап, бір мауқын басатын. Келіндер сиыр сауып, тезек жинайтын, ә?» деп жазды Ерланби Дәулетияр.

Осы орайда, оқырмандардың бірі басынан өткен жайды: «Иә, маған да врач стресстен шығудың жолы ауылға барып мал бағу деген. Үш күннен кейін сауығып кетесіз деп назначение берген», - деп баяндады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары