28.02.2020, 14:20

Коронавирус жұқтырған алғашқы адам Беларуссиядан да анықталды

Онымен байланысқан адамдар Минск жұқпалы аурулар ауруханасының жабық бөлмелеріне жатқызылды.

Коронавирустың алғашқы жұқтырған адам Беларуссияда тіркелді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

«27 ақпанда Республикалық эпидемиология және микробиология ғылыми-практикалық орталығында 22 ақпан күні Бакуден ұшып келген ирандық студенттердің бірінен 2019-nCoV коронавирус анықталды. Онымен байланысқан адамдар Минск жұқпалы аурулар ауруханасының жабық бөлмелеріне жатқызылды. Жас жігіттің жағдайы тұрақты», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, Нидерландта да коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелген болатын. 

 

Тегтер: коронавирус