$ 444.22  476.38  4.82

Арменияда коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді

Қытайда дертке шалдыққандар саны 79 824 адам болса, басқа елдерде науқастардың саны 6,7 мың адамға жетті.

Арменияда бір адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы елдің премьер-министрі Никол Пашинян Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

"Науқас – 29 жастағы азамат, ол 28 ақпанда әйелімен Ираннан ұшып келген", - деп жазды премьер.

Жалпы, әлемде COVID-19 коронавирусын жұқтырғандар саны өсіп келеді, соңғы деректер бойынша 86,5 мың адамнан асты, деп хабарлайды South China Morning Post газеті.

Қытайда дертке шалдыққандар саны 79 824 адам болса, басқа елдерде науқастардың саны 6,7 мың адамға жетті.

Қытайдан тыс жерде коронавирустан көз жұмғандар саны бір тәулікте 88-ден 109 адамға жетті: 43 адам Иранда, 29 адам Италияда, 17 адам Оңтүстік Креяда, 11 адам Жапонияда (оның төртеуі Diamond Princess круиз лайнерінің жолаушысы), екі адамнан Гонконг пен Франция, бір адамнан АҚШ, Ұлыбритания, Эквадор, Тайвань мен Филиппинде қайтыс болды.

Ең көп науқас Оңтүстік Кореяда - 3 150 адам, Жапонияда – 947 адам, оның 705-і Diamond Princess лайнерінің жолаушылары және экипаж мүшелері, Италияда - 1 128, Иранда – 593.

Сингапурде 102 науқас анықталды, Францияда - 100, Гонконгте - 95, АҚШ-та - 62, Германияда - 57, Испанияда - 46, Кувейтте - 45, Таиландта - 42, Тайваньда - 39, Бахрейнде - 38, Малайзияда - 25, Австралияда - 24, Ұлыбританияда - 23, БАӘ-де - 19, Вьетнамда - 16, Канадада - 14, Ирак пен Швецияда - 13, Макао мен Швейцарияда - 10.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары