$ 443.35  475.54  4.82

Тұрғындар коронавирус жұқтырған науқастар бар деген аурухананы өртеп жіберді (ВИДЕО)

Аурухананы өртемес бұрын тұрғындар митинг ұйымдастырған. Одан кімнің зардап шегіп, қаза тапқаны белгісіз.
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Иранның Бендер-Аббас қаласындағы жергілікті тұрғындар коронавирус ауруымен ауыратын науқастарды жеткізгені туралы қауесет шыққаннан кейін аурухананы өртеп жіберді, деп хабарлайды Stan.kz, Al Arabia-ға сілтеме жасап.

Қала тұрғындары арасында көршілес Кум қаласынан келгендер адамдардан вирус жұқтырып жатыр деген қауесет тарай бастаған. Кумды Ирандағы коронавирус эпицентрі деп санайды. Аурухананы өртемес бұрын тұрғындар митинг ұйымдастырған. Одан кімнің зардап шегіп, қаза тапқаны белгісіз.

Fars агенттігі коронавируспен ауыратындарды Бендер-Аббасқа тасымалдау туралы деректер қауесет деп хабарлады. Аурухана басшылығы да бұл ақпараттың жалған екенін растады. Сонымен қатар, мұнда мекемедегі коронавирус ауруларына арналған арнайы бөлімше бар екенін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары