Әлем 02.03.2020 сағат 22:50

Қырғызстанда тағы да ереуіл: экс-депутаттың жақтастары сақшылармен қақтығысты (ВИДЕО)

Митингке шыққандарды тарату үшін жарық-дыбыстық граната, түтіндету құтысы және суатқыш қолданған.
Қырғызстанда тағы да ереуіл: экс-депутаттың жақтастары сақшылармен қақтығысты (ВИДЕО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бішкектегі митингілер құқық қорғау органдарымен қақтығысқа ұласып кетті, деп хабарлайды оқиға орнынан Sputnik Қырғызстан.

«Оқиға орнына Қырғызстан Ішкі істер министрінің орынбасары Мирлан Қаниметов келді. Ол журналистердің сұрағына жауап берген жоқ. Митингке шыққандарды тарату үшін жарық-дыбыстық граната, түтіндету құтысы және суатқыш қолданған. Болжам бойынша, оқиға орнында жүздеген милиция қызметкері болған. Олар автобустармен жеткізіліп жатыр», - дейді тілші.

Түсте Ала-Тоо алаңында экс-депутат Садыр Жапаровтың 800-ге жуық жақтасы жиылды.

Сот Жапаровты он бір жарым жылға бас бостандығынан айырған. Оған Ыстықкөл облысында 7 қарашадағы митинг кезінде адамдарды кепілге алды деген айып тағылған болатын.

Митингіге шыққандар Жапаровты босатуды талап етіп отыр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар