$ 494.87  520.65  4.91

Коронавирустан қатты сақтанған неміс министрі Ангела Меркельмен де қол алыспай қойды (ВИДЕО)

Соңғы дерек бойынша, Германияда жаңа коронавирус 150 адамнан анықталған.
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Берлиндегі мигранттар қауымдастығының өкілдерімен кездесу барысында Германияның канцлері Ангела Меркель елдің Ішкі істер министрі Зеехоферге келіп, амандасу мақсатында қолын созды. Алайда, министр канцлерге жауап қайтармады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, РИА Новостиге сілтеме жасап.

Меркель бұл жағдайды әзілге айналдырып, екі қолын көтеріп, орнына жайғасты. Осыдан кейін екі шенеунік те күліп алды.

Айта кетейік, неміс бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, Зеехофер жақында коронавирусқа қатысты жағдайға байланысты қол алысудан бас тарту туралы шешім қабылдағанын жеткізген.

Соңғы дерек бойынша, Германияда жаңа коронавирус 150 адамнан анықталған. Дертті жұқтыру фактілері елдегі он шақты федералдық аймақта тіркелген. Ал Қытайда COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны 80 мыңнан асқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары