$ 444.22  476.38  4.82

Түнгі клубты торуылдаған 1 миллиардтан астам жастың құлағы естімей қалуы мүмкін

Қазір дәрігерлер мәдени-ойын сауық, спорттық мекемелердегі – түнгі клубтардағы, дискотекалар, паб, барлар, кинотеатрлар, концерт залдары, стадиондар, тіпті фитнес орталықтардағы дауыстың күн сайын қатты шығуына алаңдап отыр...

Түнгі клубтарда, барларда, кинотеатрлар, стадиондар және фитнес орталықтардағы қатты дауыс дәрігерлерді уайымдатып отыр, деп жазады BAQ.KZ.

Бүгінде 1 миллиардтан астам жастың құлағы естімей қалу қаупі бар. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының материалында айтылған.

«Қазір дәрігерлер мәдени-ойын сауық, спорттық мекемелердегі – түнгі клубтардағы, дискотекалар, паб, барлар, кинотеатрлар, концерт залдары, стадиондар, тіпті фитнес орталықтардағы дауыстың күн сайын қатты шығуына алаңдап отыр... Дыбысты жүйелі түрде қатты тыңдаған адам саңылау болып қалуы әбден мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне қарағанда, әлем бойынша 1,1 млрд жас адам осындай қауіп алдында тұр», - деп жазылған ДСҰ материалында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары