$ 514.65  544.6  5.17

23 депутаттың коронавирус жұқтырғаны расталды

Сонымен қатар парламент депутаттары халықпен байланыс жасауды шектейді.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қазірдің өзінде Иран парламентінің 23 мүшесі коронавирус жұқтырды, деп хабарлады спикердің көмекшісі Абдолрез Месриге сілтеме жасап "Хабар24".

Соңғы мәліметтер бойынша, 19 ақпаннан бастап Иранда коронавирустық инфекцияның 1501 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 66 адам көз жұмып, 291 адам дертінен айықты. Иран билігі аурудың одан әрі таралуы мүмкін екенін болжап отыр. Сонымен қатар парламент депутаттары халықпен байланыс жасауды шектейді.

Месридің айтуынша, палата өз жұмысын жалғастыра береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары