$ 444.32  473.33  4.76

Кеме апатынан қаза тапқандардың саны 18 адамға жетті

Олар осыған дейін 46 адамды құтқарған.
Фото: КТК.KZ
Фото: КТК.KZ

Бразилияда кеме апатынан қаза тапқандардың саны 18 адамға жетті, деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Олардың үшеуі – балалар. Сондай-ақ, су көлігінің 22 жолаушысы із-түссіз жоғалып кеткен.

Төтенше жағдай қызметкерлері мен әскерилер апат орнында іздеу жұмысын жүргізіп жатыр. Олар осыған дейін 46 адамды құтқарған. Десе де мамандардың жұмысына нөсер жаңбыр мен қатты жел кедергі келтіруде. Бразилия бас прокуратурасы оқыс оқиғаның себебін анықтауға комиссия құрылғанын мәлімдеді. Болжам бойынша, су көлігінің жолаушы мен жүк тасымалдауға рұқсаты болмаған.

Айта кетсек, екі қабатты «Анна Каролина ІІІ» кемесі ақпанның 29-ында Рио Яри өзеніне батып кеткен. Өзеннің апат орнындағы тереңдігі 12 метр. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары