$ 443.85  474.3  4.8

Халық «коронавирус» биін флешмобқа айналдырып жіберді (ВИДЕО)

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қытайда вирустың жаңа түрін жұқтыру дерегі азайып келеді, алайда басқа елдерде ҚХР-дағы жұқтыруға қарағанда 9 есе өскен.

Вьетнамның денсаулық сақтау департаменті коронавирусқа байланысты дүрбелеңді тыныштандыру үшін "Қызғаншақ коронавирус" атты бейнебаян жариялады, деп хабарлайды IranPrimer.

Жарияланған видеода вирустың қалай таралғаны, қайдан шыққаны және оны жұқтырмау үшін не істеу керегі айтылады.

"Қолымызды жуамыз, сүртеміз, сүртеміз", - делінген видеода.

Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезегінде коронавируспен күресу мақсатында видеолар жариялап жатыр.

Иранда індет жаппай таралуына қарамастан жергілікті халық мойымай, Twitter желісінде флешмоб бастап, видеолар жариялап жатыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қытайда вирустың жаңа түрін жұқтыру дерегі азайып келеді, алайда басқа елдерде ҚХР-дағы жұқтыруға қарағанда 9 есе өскен. Коронавирус жұқтырудың жаңа дерегі бүгін тағы бес елде тіркеліп отыр - Марокко, Сауд Арабиясы, Латвия, Сенегал және Тунис. Ұйымдағылар Оңтүстік Корея, Италия, Иран және Жапониядағы жағдайға алаңдаулы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус